Мектеп өз идеясын Орталық Азияның сантүрлі шынайы бейнелері мен әр түрлі кеңістіктердегі ауыларалық өзара байланыс арқылы жүзеге асырады.
Біз Artcom Platform-да 2015 жылдан бастап өнер бастамаларына, пәнаралық зерттеулерге және әлеуметтік бағдарлы жобаларға қатысатын әрі баулитын қауымдастықпыз.
Өнер жасау, өзіміз өмір сүріп отырған ортада білім беру қажеттілігі туындағаннан кейін 2017 жылы күш-қайратымызды біріктірудің нәтижесінде Art Collider мектебі құрылды.
Біз тең тәжірибе алмасу және бірлескен іс-тәжірибе арқылы қауымдастықтың өзекті процестердегі, өзгерістер мен инновациялардағы әлеуетін іске асыру үшін қолжетімді бұқаралық деңгейлес құрылымды білім беруді ұйымдастырамыз.
Біз әрекет ету арқылы үйренеміз. Біз үшін білім беру ортасы, бастамаларымыз бен жауапкершілігіміз өзіміз жұмыс істейтін экологиялық, мәдени, тарихи және әлеуметтік контекстерге араласып, оларды түйсінуден қалыптасатын жағдайларға байланысты.
Біз бірлесе отырып қазақ және орта азиялық қоғам мен экожүйелердің ұжымдық бағдарлауы мен жасампаздығына, болашағының өзгеруі мен дамуына үлес қосуға тырысамыз.