Dala – гибрид көрме кеңістігі
Dala – әдеткі көрме шешімдері мен өнер туындыларын көрсету тәсілдерін біз қайта қарастыратын эксперименттер кеңістігі. Dala-да біз өнер өндірісі мен көрмелер ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдерін тәжірибеден өткізіп, өнермен сандық, яки гибрид реалдарда өзара қарым-қатынас жасаудың жаңа форматтарын іздейміз.
Dala-ны жобалай отырып біз Орталық Азияның көшпенді халқының танымына ие мұрагерлері ретінде олардың кеңістік пен қоршаған орта туралы жасақтаған технологиялары, тұжырымдамалары және көзқарастарынан шабыт аламыз. Бұл білім бізге жаңа сандық құралдар арқылы мағына тудыру мен білдірудің күнделікті көркемдік және зерттеу тәжірибелерімізде көмектеседі.
Біз Dala-ны уақыт пен кеңістікте дамитын, браузерлік көрме, instagram немесе tiktok алгоритм ағыны, аудио-визуалды немесе 3D-инсталляция, zoom-перформанс, стриминг, виртуалды дастарқанда кездесу, шындықпен толыққан фильтр, цифрланған мұрағат, DJ-жиынтықтар, боттар, қолданбалар немесе VR-көрмелер сынды кез келген цифрлық/гибрид формаларды қабылдай алатын көрме тәжірибесінің динамикалық жиынтығы ретінде көреміз.
Бүгінде Dala көрме кеңістігі Орталық Азия көшпелерінің дүниетанымына сай үш әлемнен: жоғарғы (kök), Тәңір және Ұмай құдайларының әлемі; орта (jer), адамдар әлемі және Жер-Су тәңірінің қамқорлығындағы барша тіршілік иелері; және төменгі (jer asty) Ерлік басқаратын аруақтар/рухтар әлемінен тұрады.