Steppe Space – Орталық Азияның заманауи өнер мен мәдениетінің ошағы.

Жобаны Қазақстанда іске қоса отырып біз бес кеңістікте талқылап, мұқият зерттеп, өзара байланыс орнатып, шығармашылық жасау үшін жергілікті көркем және зерттеу қауымдастықтарының басын қосамыз.

Dala – гибридті көрме кеңістігі
Art Collider – өнер мен ғылым мектебі
Sözen – сөз, мәтін, тіл кеңістігі
Keskın – көрнекі байланыс кеңістігі
Murağat – мәдениет пен өнер мұрасы

Біз, Artcom Platform қауымдастығының қоғам және мәдениет қайраткерлері өлкеміздің өткені мен болашағына қамқорлық таныта отырып, Steppe Space жобасын іске қосамыз. Білім мен ұжымдық тәжірибенің бұқаралық өндірісі үшін біз тұрақты экожүйе құруға талпынамыз.

Біз үшін Дала (Steppe) — географиялық жазықтықтан да кең ұғым, ол құбылыстарды, темпоралдық пен өңірлердің контекстін теориялаудың қауымаралық кеңістігі.

Өңірде ұрпақ арасындағы мәдени процесс пен технологияларды сабақтастыра отырып, Steppe Space біз үшін көшпенді және отырықшы инфрақұрылымнан тұратын Орталық Азиядағы ортақ арман мен өзгерістің тәжірибесі.
ұжым
Бастамашы
Өзара сабақтас куратор, зерттеуші, бейотар белсенді, Artcom Platform бастамашысы, арғын, жағалбайлы елінен тараған Даланың қызы.
Басшы
Суретші, 1997 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Халықаралық IT университетінде қаржы мамандығын игеріп, СПбГУ-да Еркін ғылым мен өнерді оқыған. МАТА және DAVRA атты көркемдік ұйымдардың қатысушысы.
Арт-директоры
Суретші әрі дизайнер. Parsons School of Design түлегі. “5:45 AM” эко-брендінің негізін қалаушы.
кураторлық кеңес
(Ашхабад, 1986) Artcom Platform-да қоршаған орта, тұрақты даму және қоғам бойынша стратегист маман, Орталық Азиядағы азаматтық сектор бойынша 20 жылдық тәжірибесі бар. FemAgora өңірлік феминистік ұйымының негізін қалаушылардың бірі. O’Neill School of Public and Environmental Affairs-те климат және планетаралық шекараларды зерттейді. @s.jumayewa парақшасында түркімендік және орталық азиялық күнделікті өмір туралы күнделік жүргізеді.
Сәулетші, computational architect (current: MA University Innsbruck), зерттеуші, қала жоспарлаушысы. aidaissakhankyzy.com/
(Ош, 1984) – суретші, перформер, бішкектік 705 тобының мүшесі. Заманауи өнер мен театр тоғысында жұмыс істейді. 2005 жылдан бастап 705 тобының мүшесі (Бішкек). 2011 жылы Венеция биеналлесінің Орталық азиялық павильонында Беккет және Ионеско сынды драматургтардың шығармашылығының желісі негізінде «L’Innomable» атты шығармашылық жобасын көпшілік назарына ұсынды. 2014-2020 жылдары жыл сайынғы бірінші сәуір байқауын ұйымдастырушылардың бірі болды. Заманауи өнер туралы әртүрлі көрмелерге қатысады. Мәтіндермен, анимация және комикстермен жұмыс істейді.
Ақын, аудармашы, 1985 жылы дүниеге келген. Қазақстанда өткен «Полифония» және «Созыв» (2013-2014), Ригада өткен Dzejas Dienas (Поэзия күндері) и Dzejnieka asinis (Ақынның қаны) фестивальдеріне (2015-2016) қатысқан. 2017 жылғы Үлкен алматылық слэмнің жеңімпазы. Астанада өткен Post Poetry және Алматыдағы “Қырық алтыншы сөз” оқуларының бастамашысы болған. bULt жұмыс тобының мүшесі. «Балхаш снится» спокен-ворд жобасының авторларының бірі. Polutona, textonly, Лиterraтура, Soloneba, Esquire, Satori (латыш тілінде), Satenai (литва тілінде) журналдарында өлеңдері жарық көрген.
Ақын, аудармашы. 1995 жылы Жаңа шекарадағы Іле-Қазақ облысы Мұңғұлкүре (Мұңғұл жолы) ауданында дүниеге келген. Тамыр, Дактиль, Sygma, Angime журналдарында өлеңдері жарияланған. Friedrich Schegirtke жобасының авторларының бірі. Ғалым Мадина Тлостанованың “Болмыс, білім және түйсік отарсыздығы” кітабын қазақ тіліне аударған. нұрсұлтан поэмасының авторы. Алматы қаласында тұрады.
Айдентика: Олеся Котова, Аида Исаханқызы, Әйгерім Қапар, Медина Базарғали, Ләззат Ханим, Дана Искакова.

Логотип анимациясы: Алия Нұр және Ләззат Ханим.

Видео анимациясы: Ләззат Ханим.

Музыка: Mergen.
алғысымызды білдіреміз және ризамыз
алғыс айтамыз
Біз отбасымызға, дос-құрбыларымызға, Artcom Platform қауымдастығы мен әріптестерімізге шексіз қамқорлықтары үшін, ұжымымыздың жұдырықтай жиналып, қалыптасуына, жобамыздың, оның бес кеңістігінің іске қосылып, жүзеге асуына қолдау көрсеткендері үшін

Сондай-ақ Еркін Татишев бастаған Kusto Help қорына Steppe Space жобасын құруға және Steppe Space: Art Collider 2021 іс-шарасын өткізуге қолдау көрсеткендері үшін және сенім білдіргендері үшін
Рашид Нұрекеев, ​​«Ұшақтар» (толығырақ), 2018
Марат Ділман, “Атаусыз” (фрагмент), 2017
Сәуле Дүйсенбина, «Қазақ рулеткасының оюы» (фрагмент), 2020
Діләра Каипова, «Үрейлі белгілері» (фрагмент), 2018
Гүлмарал Тәттібаева, “Untitled” (фрагмент), 2018
Молдақұл Нарымбетов, «Матисс Биі гр Қызыл трактор» (фрагмент), 2000
SUINBIKE, "Colonize me now" (фрагмент), 2019
Сауле Сулейменова, "Ұлы даланың бір жері: Ауыл. Тағы бір күн" (фрагмент), 2017
Алмагүл Менлибаева «Постгуман феминизмге арналған пикет»
Алмагүл Меңлібаева, «Абайдың шуағы», (фрагмент), 2016
Саид Атабеков, "Корпеше" (фрагмент), 2011
Нұрахмет Нұрбол, «Ата-бабалар» (фрагмент), 2017
Сырлыбек Бекботаев, “Қырғыз асуы” (фрагмент), 2014
Ербосын Мелдібеков, «Саланга асуы» (фрагмент), 2011
Рустам Хальфин, «Пулота» (фрагмент), 2004
Анвар Мусiрепов, «IKEA KZ» (фрагмент), 2017
Саид Атабеков, «Римге бағытталаған жол» (фрагмент), 2007
Бахыт Бөбеканова, «Қазақилық барокконың ренессансы» (фрагмент), 2014
Паша Кас «Матисс биі» (фрагмент), 2016
Смайыл Баялиев, "Табун" (фрагмент), 2012
Сәуле Дүйсенбина, «Оюланған обойлар» (фрагмент), 2014
Бахыт Бөбеканова, «Қанат» (фрагмент), 2019
Александр Угай, «Құр бостықтағы жұмысшылар» (фрагмент), 2011
Марат Ділман, «Атаусыз» (фрагмент), 2018
Марат Дiлман, "Батыр" (фрагмент), 2019
Гүлнәр Қасмалиева пен Мұратбек Джумалиев «Металл жүк көліктер керуені», 2006
Сәуле Сүлейменова, «Қалдық естеліктер» (фрагмент), 2018
Қырғызстандағы уран өндірісіне қарсы өткен митинг, 2019
Саид Атабеков, «Ұлы дала хикиясы: Дала қасқырлары 041» (фрагмент), 2014
Молдакул Нарымбетов, "Три Би" (фрагмент), 2008-2010
Георгий Трякин-Бухаров, «Тепе-тендік» (фрагмент), 2012
SUINBIKE, "Make Kok Zhailau Green Again" (фрагмент), 2019
Шынғыс Айдаров, «Шабуыл» (фрагмент), 2017
Сәуле Дүйсенбина, «Қазақ рулеткасының оюы» (фрагмент), 2020
Вячеслав Ахунов, «Лениннің монументалды пропаганда жоспары» (фрагмент), 1984
Әйгерім Оспанова,”Гранд-Плас”, 2018