Keskın – смартфонның экранынан бастап кинозалда болып жатқан дүниелердің бәрін көріп, талқылап, сараптайтын көрнекі тәжірибе кеңістігі.

Бұл көркем және деректі кино, фотография, видео-арт, анимация, роликтер мен слайдтар, сондай-ақ көрнекі коммуникацияның орталық азиялық ағынындағы қозғалысқа ие бейнелердің шексіз алыс-берісіндегі проекторы.

Keskın-де біз аймақтың медиареалындағы бейнесі мен көрінісіне назар саламыз. Біз Орталық Азияның көрнекі тілінде сөйлеп, оның дамуы мен өзгерісіне елеулі үлес қосқан халық шығармашылығын жоғары бағалаймыз.

Бізге авторлар мен көрермендер және зерттеушілердің өзара байланыс орнататын кеңістігін құру өте маңызды. Сізді бұған ат салысуға, сонымен қатар талқылап, ынтымақтасуға жол ашатын әртүрлі тақырыптар мен жұмыстар ұсынуға шақырамыз.
Steppe Space / Keskin