Sözen – бұл Орталық Азияның сөз, мәтін және тіл кеңістігі. Жергілікті және аймақтық авторлардың, сыншылардың, зерттеушілердің үні біздің басты назарымызда. Біз өзіміз үшін маңызды дүниелер туралы үн қату мақсатында алаң құрамыз. Біздің негізгі форматтарымыз – мақалалар, аудармалар, сұхбаттар, подкастар мен әдеби жарияланымдардан тұрады. Бізді жергілікті білімді өндіру және ұғыну, әдеби процесті ынталандырып, дауыстардың кең спектрінің жарқын шығуы қызықтырады.
Sözen – көкжиектің ар жағындағы бір шексіздіктен екінші шексіздікке ағып жатқан бейқам дала өзені. Ол біздің көз алдымызда, түйсігімізде, сезіп, тыңдауымызда орын тауып, осы шақтың жанды кескініне ие болып, алыс өткеннен, бәріне дейінгі ең алғашқы бастауға дейін созылып жатыр.
Ол – шектеулер мен шарттылықтың шексіз қарбаласы арасында баяу ғана жылжуды жөн көретін даланың саналуандығы мен көп дауысының тып-тыныш күші. Бұл сөз өзені – Sözen өткеннен келіп, біздің бүгінімізге құйып, болашағымызға жол сілтейді.
Оның жағасында әр тіршілік иесіне орын да, қорек те жетеді, әр дауыстың үні естіледі, естіп, көріп, сезініп, байланыс жасап, түсініп, қайта түсініп, біліп немесе қайта білу үшін оның бой сергітер суына әркімнің кіруге құқығы бар.