“Мен Айгерім Қапардың осы жұмысқа тартқан тамаша адамдарымен бірге төрт айлық будан оқыту бағдарламасын дайындап, бірлесіп жүзеге асыру барысында баға жетпес тәжірибе алдым. Өздеріңіз білетіндей, білімді және оның өзгерістерге тез жауап қайтаратын формаларын әлем бойынша дамыту керек. Індет жайлаған уақытта суретшілер мен ғалымдар тобы қиын іске бел шеше кірісіп, Астана мен Алматыда нақты нәтижесі бар онлайн-оқудың күрделі инновациялық және өте керек бағдарламасын жүзеге асырып, Арт-коллайдер осы істі алғаш рет сәтті жүзеге асырғандардың бірі болды.
Қазақстандық суретші-қатысушылармен әріптестік орнатудың әртүрлі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қатысушылардың маған танытқан сенімі мен қамқорлығына тәнті болдым. Жұмыс барысында басқа да жобаларға әсер ететін ерекше жобалар туды. Жаңа өмірде, әсіресе посткеңестік кеңістікте әрбір адам қоғамның мүддесі негізінде әрекет етеді деп күтіледі. Басқарудың жаңа тәсілдеріне белсенді бастамаларды өмірге енгізу, азаматтардың ұзақ уақыт бойы оған қатысуға деген қызығушылығы мен сақадай сай болуы демократиялық қоғамға тән қалыпты қызмет түрі болып саналады.
Осы формат сияқты қысқа уақыттық интенсив білім беру бағдарламаларында қатысушылар өздерінің мықты инновациялық идеяларын жүзеге асырады, бұны сондай-ақ бағдарламаны жүзеге асыруда пайда болған жұмыс орны ретінде де қарастыруға болады. Әрине, олар әзірге ақша табу мүмкіндігін бермейді, бірақ инфрақұрылым, заңнама немесе кез келген нақты контекст жаңа әлеуметтік және өндірістік жұмыс орындарын құруға кедергі бола алмайды.
Арт-коллайдер — бұл қатысушыларға “мен-нен” “біз-ге” ауысуға жол ашатын алмасу үрдісі! Жеке арт-практиктен инновациялық әлеуметтік платформа авторына айналуға мүмкіндік беруші”.
“Art Collider 2021 мектебі мен үшін орындалған арман болды, сондай-ақ қарапайым қауымдастықтың өнер қауымдастықтарды жақындастырып, ғылым және технологиямен тоғысатын Art Collider мектебі сынды үлкен еңбекті қажет ететін көлемді жобаларды жүзеге асыруға қабілетті екенін танытты.
Artcom Platform суретшілері мен зерттеушілерінің, әрі ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің арқасында мектеп 2007 жылдан бастап жұмыс істеп, біздің талап-тілегімізге және өмір ағымына сай өзгеріп келеді.
Art Collider біз үшін қауымдастықтарды құратын, артынша өте маңызды білім беру бастамасына айналды. Мектеп қатысушылары мен тыңдармандар, дәріс оқитын мамандар біздің ұжымға қосылып, шығармашылық жұмыстар жасап, Artcom Platform экожүйесінің негізін қалап, өздерінің қоғамдық жобалары мен ғылыми қызметін дамытуды жалғастырады.
Мен Art Collider мектебіне, жергілікті білімді әсіресе ғылыми және шығармашылық саласындағы білімді ой елегінен өткізіп, пәнаралық қатынас жасайтын білім беру бағдарламаларына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын байқадым.
Мені жұмыс процесі, біздің ұжым, мектепте оқып, өз жұмыстары үшін серпін алып, енді қауымдастықтарға, қоршаған орта мен мәдени мұраларға қамқорлық танытып жүрген мектеп қатысушылары мен олардың бастамалары сөзсіз шабыттандырады.
Steppe Space мектебінің бес жылдық жұмысы аясында Art Collider 2021 Kusto Help қорының қолдауының арқасында біздің спикерлер мен ұжымның еңбекақысын төлеуге жол ашқан алғашқы лек болды.
Қазір болашақ туралы білімді өндіріп, оған қамқорлық таныту мақсатында үлкен аудиторияны тарту үшін аймақтарда өз тәжірибеміз мен практикамызды тұрақты түрде кеңейту үшін мүмкіндік іздеудеміз”.
“Мектебіміздің төрт айлық бағдарламасы мен үшін де, жалпы қауымдастық үшін де сынақ және даму нүктесіне айналды. Бұл біз үшін әдеткі форматтан қарағанда әр қадамды басқан сайын жеделдік, тиімділік, ойластырылған шешімдер мен бірлікті талап еткен мейлінше қарқынды формат болды. Өз кезегінде бізді жайсыз жағдайларға қалдырған күтпеген оқиғалардың да болғаны рас. Десе де әр жолы ымыраға келіп, сәтті шешім шығару қолымыздан келді.
Менің ойымша, біз барлық қиындықтарға сәтті жауап бердік, себебі бәріміз жалпы процесс пен оның нәтижесіне орай ортақ көзқарас ұстандық, бұл ұзақ уақыт жұмыс істеуден талмай, көрегендікті қалыптастырып, оған апарар жолға бастаған кураторларымыз Әйгерім мен Ватоның еңбегінің нәтижесі. Екіншіден, біз мұның процесс болатынына, work in progress болатынына дайын едік.
Қазір бір лек аяқталғаннан кейін мен үшін қымбат тәжірибе, білім мен жаңа дағдылар, жаңа әлеуметтік әдістерді игергенім үшін бойымды ризашылық сезімі тербеді.”
“Art Collider – қолдауға ие болып, білім алуға болатын, өз идеяларыңыз бен жобаларыңызды жүзеге асыратын кеңістік. Мен бұл мектептің шәкірттерінің бағдарламаның өн бойы, сондай-ақ қорытынды жобаларының танытымы өткен Saban-toi кезінде де қалай өзгергендерін бақыладым. Бұл процесс маған тұқым себуді еске түсіреді. Кез келген бастаманың қалай дамитынын ешқашан біле алмайсың, бірақ қалыптасқан экожүйе мен қолдау білдіруші орта қатысушыларға өз жобаларын жалғастыруға көмектеседі деген ойдамын. Біз болашақта өзгерістерге бастайтын тізбекті әсер тудырдық деп сенемін.“
Суретші, куратор, Тбилиси - Заманауи өнер Орталығының негізін қалаушы
Art Collider мектебі 2021 жылы Айгерім Қапар мен Вато Церетелидің “Өз мектебіңді құр” атты коллаборатив воркшопы үрдісінде өзгеріске ұшырады. Нәтижесінде Art Collider 2021 Сұлтан Мұсахан, Сельби Джумаева және Ануар Дүйсенбиновпен әріптестік орнатып, Steppe Space будан бағдарламасы жасақталды.
Воркшопқа қатысқан Аида Исаханқызына, Аружан Жұмабекке, Мадина Сарғалиға, Медина Базарғалиға, Ғали Ахметовке, Руслан Кастаниға, Константин Куприевке, Олеся Котоваға, Анвар Мүсіреповке, Арман Саинға алғыс білдіреміз. Зарина Мұқановаға, Бектұр Ескендірге, Руслан Оразалиевке, Narendra Radhunath мен Jesse Vogler-ге тәжірибесімен бөлісіп, сараптамалық пікірталастар үшін алғыс айтамыз!
Видеодәрістерді түсіргендер: Бауржан Сәбит, Султан Карманов.
Видеодәрісті монтаждаған: Назгүл Халелова.
Қазақ тіліне аударғандар: Сафина Ақтай, Тілек Ырысбек.